Үшінші мегаполис халық еңбекқорлығы мен қонақжайлығымен республикаға танымал қала. Бүгінде жан-жанты кәсіппен айналысатын қала кәсіпкелер бар. Сонымен қатар, ауылшаруашылығы қарқынды дамып келеді.
Шыммкент қаласының аумағында 62 мың гектардан астам жер бер. Биыл егіс алқабын өткен жылмен салыстырғанда 1 мың гектарға ұлғайтып, 27,6 мың гектарға жеткізу жоспарлануда.
Тынымсыз еңбек етіп, егіншілікпен өте қарқынды айналысып келе жатқан Агросервис «БМБ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қаладағы ең ірі қожалықтың бірі. 3 мың гектардан астам ауылшаруашылық жері бар. Оның 2400 гектарына бидай, арпа, мақсары, жоңышқа сынды түрлі өнімдер егілген. Биылға қажетті 200 тонна тыңайтқыш пен 40 тонна жанар-жағармай алған.
«Әрдайым аусыпалы егін түрін қолданамыз. Бұл жердің тыңайып, күш жинауына мүмкіндік береді. Мемлекеттен уақтылы жанармай мен тыңайтқыш алып, дәнді дақылдарды сеуіп үлгердік. Енді бидайды дәрілеп жатырмыз. Бұйыртса биыл да мол өнім аламыз деп отырмыз», - дейді шаруашылық басшысы Манасбай Бекбауов.
Аталмыш қожалық иелігіндегі жер бұған дейін Төлеби ауданына қараған. Қазір Шымкенттің аумағына өтіпті. Оған қоса солтүстіктен де біздің бидайға деген сұраныс артқан. Өйткені соңғы жылдары жергілікті дәнді дақылдың кликавинасы жоғары болған.