Заманауи қондырғылар – мол өнім кепілі

Screenshot_14.jpg

Биыл Шымкентте инвестиция және несиелендіру бойынша жыл соңына дейін ауыл шаруашылығы саласында жалпы құны 7,6 млрд. теңгені құрайтын 17 инвестициялық жоба іске асады. Бұл туралы қалалық ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков айтты. 

Инвестициялық жобаларды атап айтар болсақ, 4 құс шаруашылығын кеңейту, 4 жылыжай құрылысы, 2 тауарлы сүт фермасы, 2 жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу, 1 қарқынды алма бағы, 1 ешкі сүтін өндіру және қайта өңдеу, 1 сүтті қайта өңдеуді кеңейту, 1 мал бордақылау алаңын салу, 1 кондитерлік өнім өндіру.

Бүгінде үшінші мегаполисте Агросервис  «БМБ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бар. Қожалық егіншілікпен қатар мал шаруашылығымен де айналысады.  Қажетті жем-шөбін өзі дайындап алады. 10 гектар жерге алма бауы мен жүзім және жаңғақ бауын егіпті. Биыл таңқурай егуді қолға алмақ. 

Қожалыққа қала әкімі Мұрат Әйтенов барып, аралап, қожалық басшысына болашақта егістік алқаптарға заманауи суару қондырғыларын пайдалану керектігін жеткізді. 

Шаруашылық жетекшісі қаржылай қолдау болса жаңбырлатып суару әдісімен аз жерден мол өнім алуға болатынын жеткізді. 

Мұрат Дүйсенбекұлы шаруаларға агроқұрылымда мейлінше  заманауи қондырғыларды қолданып, тиімді жұмыс істеуге шақырды. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент әкімдігі «Той Думан» фестиваліне 300 млн теңге бөлгені рас па
  • Руслан Берденовті атқан күдіктінің әйелі алғаш рет мәлімдеме жасады
  • Шымкентте «Қиял әлемі» саябағы бұзылуда
  • Шымкентте еліміздегі ең ауқымды жылыжай салынуда
  • Шымкенттегі ерекше субұрқақ: көрікті орындарды көзбен көріңіз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер