Үшінші мегаполистің мәдениетін көтеріп, рухани байытып жүрген өнер иелері мен халық қалаулылары карантин уақытында да жұрттың танымын кеңейтіп, серпіліс сыйлауда. Сәуір айы – тәуір айы демекші, бүгінде Шымкентте онлайн іс-шаралар үсті-үстіне орын алып жатыр. Мәселен, бала кезінен домбыраны серік еткен, халықаралық, республикалық айтыстарда топ жарған ақын Нұрлан Есенқұлов онлайн мәдени іс-шаралардың көркіне үн қосып, төтенше жағдайды тиімді пайдалануда.
Нұрлан Есенқұлов «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деген тақырыпта онлайн түрде, тікелей эфирде ақын салт-дәстүр орталығының бір сағаттай тақырып аясында мәліметтер айтып, қариялар жайлы сөз қозғады. Адамдар толық жиналғанша ән сүйер көрерменге терме де айтып берді. Тағылымды толғауын айтты. Қазіргі таңда ақсақалдар туралы пікірін айтып, батаны дұрыстап беріп, оң шешімді шығаратындар азайып кеткенін айтып өтті. Айтуынша, баяғы уақытта қара қылды қақ жарған сол елдің қариялары болғанын айтып, «шал мен ақсақалдың» айырмасын айтып түсіндірді.
Тікелей эфирге қатысушылар өздерінің сұрақтарын қойып, тұшымды жауап бере алды.
Шымкенттің мәдениет «министрі» Рашид Мыңбаевтың онлайн іс-шараларды ұйымдастырып, үйінде жабырқап отырған жай халыққа олжалы болып тұрған секілді. Өйткені, шымқаладағы біраз ақын мен әнші әртістер жұрттың көңілін аулауға барын салуда.