Үшінші мегаполис кәсіпкерлері бір жанұяға қуаныш сыйлады. Бір тұрғын баспаналы болды! Қайырымды істің бастауы болған Қайрат Молдасеитов басқаратын Шымкент қаласы Кәсіпкерлер Палатасының Өңірлік Кеңесінің мүшелері болып табылады.
2019 жылдың аяғында Шымкент қаласының Кәсіпкерлер Палатасы қиын жағдайға тап болған 12 баладан тұратын көп балалы отбасына баспана сатып алу мақсатында қаражат жинауға бастамашылық етті. Отағасы Мұхтар Бердіқұлов пен жұбайы Гүлнараның 7 баласы бар, 2014 жылы өз туыстарының (туған ағасының) тағы 5 баласының қамқоршысы болды. Ағасы мен әйелі жол апатынан қайтыс болды, бес кішкентай бала жетім қалды. Оларды әжесі алып кеткен, қайтыс болғанша 2014 жылға дейін бірге тұрған. Ол кезде 7 баласы болған Бердіқұловтар отбасы жетімдерді өздеріне алды. Мұхтар - жеке компанияда күзетші болып жұмыс істеді, Гүлнара - үй шаруасында болды, отбасы әрдайым жалдамалы пәтерде тұрды.
Кәсіпкерлер үш ай ішінде «Менің Атамекенім» қоғамдық фондына 8,5 млн теңге аударып, жиналған ақшаға 3 бөлмелі пәтер сатып алып берді. Бұдан басқа, кәсіпкерлер отбасы дайын үйге бірден кіре алуы үшін пәтерді жөндеу шығындарын өз мойнына алды. «Бал текстиль» кілем фабрикасы отбасына кілем сыйлады, «Азала текстиль» компаниясы төсек-орын жабдықтары және монша жабдықтарымен қамтамасыз етті. Іскер әйелдер кеңесінің кәсіпкері (төрағасы Алма Архабаева) балалар киімін, Тұрмыстық техника мен отбасы үшін ыдыс-аяқ сатып алды. ӨКП Іскер әйелдер Кеңесінің кәсіпкері отбасы үшін балалар киімдерін, тұрмыстық техникалар мен ыдыс-аяқ сатып алды.