Қаулыға толықтырулар енгізілді

Screenshot_2.jpg 

Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әбдіманап Төлебаевтың  2020 жылғы 2 сәуірдегі №9 қаулысына өзгерістер енгізілді.

Атап айтқанда, қаулының №1 қосымшасы: «14.10. Мұқтаж және зардап шеккен адамдарға волонтерлік көмек көрсететін қайырымдылық қорлары (ұйым әділет органдарына тіркелген жағдайда), деген тармақпен толықты.

№2 қосымшаның 2.19. тармағы: «көктемгі дала жұмыстарын, табиғатты қорғау, ветеринариялық, ауыл шаруашылығы, сондай ақ, ара шаруашылығы іс-шараларын жүргізуге, оны растайтын мемлекеттік тіркеу куәлікті (шаруа қожалығы, фермерлік шаруашылық, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші, кредиттік серіктестік және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын, жеке кәсіпкер), жеке куәлікті, сондай-ақ, жұмыскерлер үшін жұмыс орнынан анықтамасын (мөрімен кәуландырылған еркін үлгідегі анықтама) ұсынған кезде және олардың көліктері», деген тармақпен ал, №3 қосымшасы «21. «Қазтелерадио» АҚ»  деген тармақпен толықтырылды.

Аталған қаулы 2020 жылғы 22 сәуірден қолданысқа енгізілді. Қаулымен «Shymkent.gov.kz» ресми сайтының «COVID-19»  айдарына кіріп, танысуға болады.

Айта кетейік, қалада енгізілген шектеулердің барлығы тұрғындардың денсаулығын, қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынып отырған шара. Сондықтан ережеге бағынып, үйден шықпаңыздар. Өз өмірлеріңізді қорғаңыздар!


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте ерікті жастарға арналған эко-экскурсия өтті
  • Развитие города Шымкента будет осуществляться в рамках концепции Smart City
  • Шымкент қаласының дамуы Smart city тұжырымдамасы шеңберінде жүзеге асырыладыШымкент қаласының дамуы
  • Устойчивый рост промышленности как основа экономической модернизации
  • Өнеркәсіптің тұрақты өсуі – экономикалық жаңғыртудың негізі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер