Төтенше жағдай әрекет ету кезеңінде Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағалары бекітілді:
- I сұрыпты бидай ұны – 166 тг/кг;
- І сұрыпты ұннан жасалған бидай наны – 146 тг/кг (73 тг. қалыпты бөлке нан);
- рожки (өлшеніп салынатын) – 212 тг/кг;
- қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын) – 318 тг/кг;
- тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын) – 272 тг/кг;
- сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі) – 1904 тг/кг;
- тауық жұмыртқасы (I санатты), 10 данасы – 305 тг/кг;
- күнбағыс майы – 422 тг/л;
- ас тұзы ("Экстра"- дан басқа) – 51 тг/кг.
Дүкендердегі тауар түрлерінің кемінде бір түрі белгіленген бағадан аспауы тиіс.
ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V Кодексінің 202-бабына сәйкес ішкі сауда субъектілері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағаларын асыра пайдаланса 100 АЕК мөлшерінде айыппұл, бір жыл ішінде кайталанса 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Көрсетілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларынын кем дегенде бір түрінің бағасы осы бағадан аспауы қажет.
Егер азық-түлік бағасына қатысты ұсыныс, шағымыңыз болса, WhatsApp арқылы 87781361847 нөміріне мекенжайын көрсетіп жолдауға болады. Немесе Call-орталықтың 39-50-55 нөміріне хабарласуға болады.
Айта кетейік, қаладағы азық-түлік қоры және бағасы қала әкімі Мұрат Әйтеновтың ұдайы назарында. Салаға жауаптылардың айтуынша шаһарда азық-түлік тапшылығы жоқ.