Залалсыздандыру жұмыстары 20 бағыт бойынша жүргізілуде

Screenshot_4.jpg

Төтенше жағдай режимі енгізілгеннен бастап Шымкент қаласында залалсыздандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Дезинфекциялық шаралар күн сайын 20 бағыт бойынша жүзеге асырылуда. Тәулігіне қаладағы 13,8 млн шаршы метр аумақ залалсыздандырылуда.

Жолдарды залалсыздандыру жұмыстары арнайы көліктердің көмегімен іске асса, аяқжолдар, аялдамалар мен сауда орындарының маңайы арнайы техника көмегімен қолмен тазартылуда.

Бұл бойынша коммуналды сала қызметінің жұмысшыларына 200 әскери мен 100 ерікті көмектесіп отыр. Сондай-ақ, қала орталығынан алыс орналасқан шағынаудандар мен тұрғын алаптардағы орамішілік көшелерді залалсыздандыру бойынша да жұмыстар күшейтілді.

Күн сайын 20 сервистік компанияның 600-ден астам қызметкері контейнерлердi, аула алаңдары мен кіреберістерді дезинфекциялауда.

Залалсыздандыру шараларына қатысты сұрақтар бойынша, қала тұрғындары аудан әкімдіктерінің төмендегі байланыс нөмірлеріне хабарласуы керек.

Абай ауданы: 53-03-20

Әл-Фараби ауданы: 54-96-54

Еңбекші ауданы: 8778-310-58-61, 8701-701-30-33

Қаратау ауданы: 77-45-63

Айта кетейік, қала аумағы толықтай залалсыздандырылуда. Оған қосымша күш ретінде мемлекет басшысының жарлығымен жасақталған 100 әскери міндетті  сарбаз тартылған. Шымкентте медициналық қорғаныс  құралдарының мәселесі шешілген.  Елімізде төтенше жағдай жариялағана сәттен бастап , бірінші кезекте миллионды қала аумағында 18 санитарлық бұғаттау бекеті қойылған. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент әкімдігі «Той Думан» фестиваліне 300 млн теңге бөлгені рас па
  • Руслан Берденовті атқан күдіктінің әйелі алғаш рет мәлімдеме жасады
  • Шымкентте «Қиял әлемі» саябағы бұзылуда
  • Шымкентте еліміздегі ең ауқымды жылыжай салынуда
  • Шымкенттегі ерекше субұрқақ: көрікті орындарды көзбен көріңіз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер