Шымкенттік ғалымдар антисептикалық спрей шығарды

Screenshot_5.jpg

Үшінші мегаполистің оқымыстылары пандемиямен күреске өз үлестерін қосуда. Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ғалымдары антисептикалық сұйықтық дайындап шығарды. 

Жоғары оқу орны жанындағы «Конструкциялық және биохимиялық материалдар» аймақтық сынақ зертханасындағы ғалымдардың айтуынша хош иісті антисептик бактериялар мен микробтарға және вирустарға қарсы жақсы әсер етеді.

– Бұл мемлекеттік стандартқа сай жасалған. Бірақ біздің оқу орны ғалымдарының ізденістерімен қосымша қоспалар қосу арқылы оның құрамы аздап өзгерді. Қазір екі түрде шығарылуда. Біріншісі - жеке пайдалануға арналған антисептиктер. Екіншісі - 5 литрлік ыдыстарға яғни, санитайзерлерге құйылатын сұйықтықтар, - дейді ОҚМУ ғылыми жұмыстар және инновация жөніндегі проректоры Ұлан Сүлейменов.

Шымкентте шығарылған антисептик теріні тітіркендірмейді. Қайта терідегі жарақаттың жазылуына әсер етеді. 50 мл шағын құтыларға құйылған антисептик азаматтардың өзімен бірге алып жүруіне ыңғайлы.

Бүгінде жергілікті зертханада дайындалған антисептиктер жатақханаларда тұратын студенттер мен университет қызметін қамтамасыз етіп отырған жұмысшылар мен қызметкерлерге таратылып берілген.

Айта кетейік, ОҚМУ ғалымдары әзірлеген антисептикалық спрейдің құрамы Дүнижүзілік денсаулық сақтау ұйымының антисептиктерді жасау рецептурасы мен МЕСТ Р 58151.1-2018 жалпы техникалық талаптар ұсынылған әдістемелер мен ережелерге сай дайындалған.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Норма об унитарности государства, неотчуждаемости территории Казахстана остается неизменной
  • Народный совет Казахстана будет представлять интересы всех граждан страны – Бакыт Нурмуханов
  • Ценности брака и семьи усилят на конституционном уровне в Казахстане
  • Преамбула Конституции Казахстана получит полностью новую редакцию
  • Конституционная реформа: поправки затронут 84% текста Основного закона Казахстана
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер