Сыбайластық әрекет үшін қызметкер де, басшы да жауапты

Screenshot_7.jpg

Сыбайлас жемқорлық елдің гүлденуіне, өркендеуіне балта шабатын бірден бір әрекет. Жемқорлық мәселесі Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың назарынан тыс қалған емес. Шаһар басшысы cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша онлайн-жиын өткізді. Оған қала әкімінің орынбасарлары мен басқарма басшылары қатысты. 

ҚР Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен өткен кеңейтілген жиында мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының қол астындағы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілігі туралы заңнама нормалары қаралды. Қала әкімі атап өткендей, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте нақты басымдықтар белгілеген. Жауаптылар заң нормаларын қатаң ұстануға міндетті, М.Әйтенов барлық мемлекеттік органдардың басшыларын төтенше жағдай кезіндегі олардың жеке жауапкершілігі туралы ескертті.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Асхат Жұмағали басшылықтың қол астындағылардың сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін дербес жауапкершілігінің негізгі аспектілеріне тоқталды. – Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында біз басшылардың бағыныштылар арасында сыбайлас жемқорлық үшін жеке жауапкершілігін тағы да еске салғымыз келеді,  деді А.Жұмағали.

Онлайн-конференцияда аталған департамент басшысының бірінші орынбасары Талғар Серікбаев мемелекеттік қызметкерлердің  назарын еңбек ұжымдарындағы сыбайлас жемқорлықты жоюға, сондай-ақ парасаттылық қағидаттарын енгізуге аударды. Қарамағындағы қызметкері сыбайластық әрекет жасаса, басшысы жауап беретінін айтты.  

Жиында Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, 26 қызмет түрін цифрландыру жүйесіне көшіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Мәжілісті қорытындылаған қала әкімі Мұрат Әйтенов  барлық сала басшыларына жер қатынастары, сәулет және білім саласында осы бағыттағы жұмыстарды күшейту, мектеп директорлары мен ұстаздарды жұмысқа онлайн режимде қабылдау туралы ұсыныс жасады. Ал, кәсіпкерлік басқармасына «Атамакен» ҰКП»-мен бірлесіп, құжаттарды электронды жүйеге көшіруді тапсырды. 

Бейне-конференцияда қаладағы сыбайлас жемқорлықтың жай-күйі, тәуекел салалар мен мониторинг нәтижелері талқыланды.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер