Портал арқылы өтінім беруге болады

Screenshot_8.jpg

Шымкентте коммуналдық шығын үшін берілетін 15 мың теңгеге өтінім қабылданатын арнайы портал құрылды. Өтемақы алатындар электронды түрде өтініш бере алады. Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен онлайн брифингте жүйенің жұмысы жан-жақты түсіндірілді. Жеңілдік кімдерге тиесілі? Төтенше жағдай кезінде жергілікті халыққа тағы қандай әлеуметтік көмектер қаралды?

Әлеуметтік желіде тікелей көрсетілген баспасөз мәслихатында салаға жауаптылар тұрғындар көңілін күпті еткен сауалдарға жауап берді. Сауалдардың дені 42500 теңге мен коммуналдық төлем үшін берілетін қаржылай көмектің төңірегінде болды.

Әкімдіктегілер 15 мың теңгені алатын азаматтар санатын анықтады. Бұл жәрдемге қалада 100 мыңнан астам адам өтініш бере алады екен. Төтенше жағдай кезіндегі үкімет қолдауы мүгедектер мен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, көпбалалы отбасылар мен соғыс ардагерлеріне, жалғызбасты зейнеткерлерге тиесілі. Егер осы санатта болсаңыз, өтінішіңізді communal-komek.kz электрондық порталға тіркей аласыз.

Коммуналдық жеңілдіктерден өзге шымкенттіктерге 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақы да төленіп отыр. Төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылған 229 мыңға жуық азамат әлеуметтік көмек алған. Салаға жауаптылар келіп түскен өтініштердің жартысына жуығын түрлі себептермен кері қайтарған.

Айта кетейік, қазір әлеуметтік салаға жауапты мамандар абоненттік шоты бар тұрғындардың тізімін жасауда. Бұл көмек сәуір және мамыр айларын қамтиды. Айтқандай, төтенше жағдай кезінде де азаматтардың тұрғын үй кезегіне тұруға мүмкіндігі бар. Бұл қызмет egov.kz порталы көрсетіледі. Ал әлеуметтік төлемдерге қатысты сауалыңыз болса, 56-62-89 нөміріне хабарласа аласыз.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер