Мегаполисте жаңа жоба!

Screenshot_3.jpg

Енді Шымкент қаласының тұрғындары қоғамдық көліктегі жол ақысын қолма-қол төлемейді. Яғни, өзге де мегаполис халқы секілді электронды карточкамен төлемек. 

Арнайы брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында қаладағы қоғамдық көліктердің қызметін жақсарту және жолаушыларға қолайлы жағдайларды жасау, қолма-қол ақшасыз төлемдерді енгізу туралы жан-жақты мәлімет берді.

Қаламыздағы қоғамдық көліктерге электрондық төлем жүйесін енгізу жоспарлануда. Жоба «QazSmartTrans» ЖШС жеке инвесторлар есебінен іске асырылады. Ол жүйе биыл іске қосылмақ. Бүгінгі таңда, жүйені енгізу үшін 24 көлік компаниясымен шарт жасалды, қазір автобустарға кабель мен сымдарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, жеке көлік карталарын шығару үшін, қоғамдық көлікте тегін жүретін әлеуметтік санаттарға жататын азаматтар, жоғары оқу орындарында оқитын студенттер, мектеп және орта арнаулы оқу орындарындағы оқушылар туралы деректер жинақталуда, - деді қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Норма об унитарности государства, неотчуждаемости территории Казахстана остается неизменной
  • Народный совет Казахстана будет представлять интересы всех граждан страны – Бакыт Нурмуханов
  • Ценности брака и семьи усилят на конституционном уровне в Казахстане
  • Преамбула Конституции Казахстана получит полностью новую редакцию
  • Конституционная реформа: поправки затронут 84% текста Основного закона Казахстана
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер