Артықшылығы көп электронды төлем жүйесі

Screenshot_4.jpg

Шымкентте қолға алынып жатқан электрондық төлем жүйесінің артықшылығы көп, яғни жолаушылар көлік картасымен, SMS, QR-код, смартфонды (NFC) қолдана отырып, жол жүру ақысын төлей алады. Ал тарифті белгілеу мәселесіне келсек, бұл ретте көлік карталары арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде қазіргі қолданатын тарифпен төлейді, ал қолма-қол ақшамен төлеу кезінде тариф жоғары болмақ.

- Бұдан бөлек, аталған жүйені медицина, білім беру жүйелерімен біріктіру арқылы, яғни оқушыларға мектеп асханаларында көлік картасымен төлеу мүмкіндігі берілмек. Ол мектептерге кассалық аппараттар тегін беріледі. Қаламызда карантин енгізілуіне байланысты, тиісті жабдықтарды жеткізу жұмыстары кешіктірілуде. Дегенмен, бұл мәселе таяу уақытта толық шешімін табады, - деді М. Исахов. Жабдықтарды жеткізу ағымдағы жылдың 1 мамырынан басталады. Ал 1 маусымнан бастап жоба толық іске қосылмақ.

Сонымен қатар, қоғамдық көліктерге электрондық билет жүйесін енгізу бойынша қажетті мәліметтерді қала тұрғындарының назарына жеткізу мақсатында тиісті іс-шаралар әзірленуде. Бұл ретте арнайы PR акциялар өткізілмек, сондай-ақ жарнамалық бейнероликтер мен буклеттер дайындалып, оған еріктілер (волонтер) жұмылдырылады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер