Шаруалар ризашылығын білдірді

Screenshot_5.jpg

Шымкентте 17 блок пост бары белгілі. Сырттан келген адамдар үшін қалаға кіру қатаң қауіпасіздік пен рұқсатты талап етеді. Шымкенттегі санитарлық бұғаттау бекеттерінен көкөніс тиеген көліктер кедергісіз өтіп жатыр. Тіпті әкімдік қызметкерлері шаруаларға өнімін қай базарға апарып сату тиімді екенін түсіндіруде. Өйткені қала әкімі М.Әйтенов төтенше жағдай кезінде халықтың қажеттелігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы қаулы бекітіп, көрші аудандардан диқандардың қалаға кедергісіз кіріп-шығуына жағдай жасады.

Сонымен қатар, шаруаларға қаладағы «Қазыбек» базарынан арнайы орын бөлдіріп берді. Сөйтіп диқандар жылыжайдан жинаған өнімдерін делдалсыз сатып жатыр. Енді Түркістандық диқандарға да жағдай жасалды.

Мәселен, Сарыағаш ауданынан көкөніс артқан 3 жүк көлігі келді. Оның бірі сабағынан жаңа үзілген жоғары сұрыпты балғын құлпынай. Диқандар әуес астың келісін 2500 теңгеден сатып жатыр.

Ал, қызанақ 350, қияр 250 теңгеден көтересіне саудалануда. Сарыағаштық дихан Зиябек Есбаев көкөністі тікелей делдалсыз сату шаруаға ғана емес алушыға да тиімді, деп отыр. Өйткені, бұл бағаның тұрақты болуына септігін тигізеді, қала әкімінің бұл бастамасы құптарлық іс өйткені шаруа үшін өнімін балғын кезінде сату тиімді, дейді дихан.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Батырбек Көшербай жастарға жақсылық жасап, көпшіліктің алғысын алды
  • Батырбек Көшербай жастарға жақсылық жасап, көпшіліктің алғысын алды
  • Шымкентте жеңісті жақындатқандарға пәтер кілті тапсырылды
  • Өзбекстанда М.Әуезов атындағы ОҚУ-дің филиалын ашу жайлы кездесу өтті
  • Үміт үзбе
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер