Қазіргі таңда елімізде таралған індеттен айығып, аяққа тұрудың басты жолы халықты сақтандыру. Бұл шарада қала, аудан әкімдері барынша тиісті қауіпсіздік сақтандыру жолдарын ұсынып, елдің жағдайымен таныс болу қажет. Шымкент қаласындағы Әл-Фараби ауданы аумағында коронавирус пандемиясына қарсы атқарылып жатқан жұмыстар бойынша пресс-тур өтті.
Аудан әкімі Ғабит Мәуленқұловтың баяндауынша, тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында ауданда дезинфекцилау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінде санитариялық-эпидемияға қарсы және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауданда 4 арнайы жұмысшы топ (мобильный) құрылған.
- Қазіргі таңда аудан аумағында індет ошағы анықталған 12 орын карантиндік режимде, барлық ошақтарда тұрғындар азық-түлікпен, басқа да қажетті заттармен қамтамасыз етіліп, онда күнделікті залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде, - деді аудан әкімі.
Төтенше жағдайға байланысты аудан тұрғындарына бірқатар әлеуметтік көмектер берілуде. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларды азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында, «Біз біргеміз» акциясы шеңберінде 740 отбасыға тегін азық-түлік себеті таратылған.
Сонымен қатар, аз қамтылған отбасыларға “Birgemiz” қоғамдық қорынан Текесу елдімекені, «Сәуле» шағынауданы, Ескі шахар аумағы, Терешкова көшелерінде тұратын 3 279 аз қамтылған отбасыға 50 данадан, жалпы 163 950 тегін медициналық бетперде таратылды.