Төтенше жағдайда қылмыс та азайған

Screenshot_7.jpgScreenshot_2.jpg

Елімізде төтенше жағдай жарияланғалы қылмыс та азайып, тәртіп сақталауда. Бұл туралы Ақпараттық коммуникациялар орталығында Шымкент қаласы Полиция Департаментінің бастығы, полиция полковнигі Ералы Жұмаханбетовтың қатысуымен төтенше жағдай кезінде қаладағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша онлайн-брифинг өтті.

Қазіргі таңда карантинге байланысты қалада 2000-нан астам адам тәулік бойы 3 ауысымда қызмет етуде. Оған 1206 полиция қызметкері, №35748 Әскери бөлімінің 196 сарбазы, 559 Ұлттық Ұлан сарбазы және 216 медицина мамандары жұмылдырылған. Айта кетерлігі, жыл басынан қала аумағында жалпы қылмыстың саны 17%-ға, төтенше жағдай кезінде 39%-ға төмендеп отыр.

- Коронавирус індетінің алдын алу бағытында полицейлер тарапынан үгіт-насихат және түсіндіру жұмыстары күшейтілді. Қалада қауіпті індетке орай 60 ошақ пен 6 провизорлық орталық бар. Көшелер мен қиылыстарда 20 бұғаттау бекеті қойылып, оған 300-дей полиция қызметкері жұмылдырылды. Көліктер мен азаматтардың қозғалысы қызметтік планшеттердің көмегімен қатаң тексеріліп жатыр. Рұқсаты жоқ автокөліктердің қозғалысына жол берілмеуде, - деп атап өтті Полиция департаментінің басшысы.

Шымкенттің кіреберістеріндегі 18 блок-бекетте бүгінде 195 полиция қызметкері жұмылдырылған. Осы күнге дейін блок-бекеттерден жалпы 67367 автокөлік (47836 азамат) тексерілген. Оның ішінде қаладан шыққан 12130 автокөлік (16289 азамат); қалаға кірген 20803 (26962 азамат); транзит 2790 (4585 азамат) тексеріліп өткізілген; рұқсаты жоқ 31653 автокөлік өткізілмей, қайтарылған.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер