Еліміз пандемияның алдын алуға уақытында кірісті

94898204_278212110004951_7042702885955567616_n.jpg

Қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметов еліміздің бірлікті сақтап, үйде отырып бірлікті сақтауға шақырып, үндеу жасады.

Қазақстан халқы 16 наурыздан бастап төтенше жағдай режиміне көшті. Әрине, бұл кезең бізге оңай тимегені анық. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев карантин режимін 11 мамырға дейін жалғасатынын мәлімдеді. Бұл оң шешім деп білейік, дұрыс боларына сенейік!

Осы уақытқа дейін, індеттің Қазақстанда кең жайылып кетпеуі үшін көп шаралар жасалып, бұл вирустың жаппай таралуының алдын алды. Сонымен қатар, әлеуметтік және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етіп, халықтың табысын сақтау үшін де арнайы шаралар қабылданып халыққа үлкен көмектер көрсетілді. Өзекті мәселелер Үкімет тарапынан шешіліп жатыр және Президенттің тұрақты бақылауында. Бүгінгі күнге дейін халыққа қаржылай көмек көрсетілді және азық-түлікпен қамтамассыз етті. Елбасының бастамасымен құрылған «Біргеміз» қорынан қаржы бөлінді. «Nur Otan» партиясы белсенді жұмыс атқарды. Шағын және орта бизнес өкілі несиелерін кейін төлеуге мүмкіндік алды. Бұл іс шаралар ары қарай жалғасатынын, халыққа карантин режимі аяқталғанға дейін барлық мүмкіндік қарастырылатынын, мемлекет басшысы бүгін мәлім етті.

Сондықтан, біз Қазақстан індеттің шарықтау шегінен өткен жоқ екенін есте ұстап, карантин режимі біткенге дейін сабыр сақтап, бір-бірімізге қолдау көрсетейік!


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер