Республикадағы төтенше жағдай әсіресе кәсіпкерлердің ісіне кібіртік салғаны рас. Енді елдегі орта және шағын бизнестің аяққа тұруып кетуіне шамалы уақыт керек. Осы жағдайды ескерген Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов кәсіп иелеріне жеңілдік беруді жағын ойлап, шаһардағы кәсіпкерлерге несие беруді қарастырды. Қала басшысы жұмыс барында «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы қызметкерлерімен кездесу өткізді.
«Бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін фронт-кеңсенің қызметімен танысқан қала басшысы кәсіпкерлерге несие беруді оңтайландыру барысын саралады.
Корпорация жұмысымен танысқан М.Әйтенов штат кестесін қайта құрылымдау және инвестициялар департаментінің жұмысын жаңғыртуды жауаптыларға жүктеді. Бүгінде аталған департаменттің қарауында 353 инвестициялық жоба бар. Осыған орай, қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыру бойынша жоспарланған индикаторларға қол жеткізу мен талдау жұмыстарына мұқият назар аудару қажет.
Корпорация басшылығы қаланың урбанизациясын дамыту тұжырымдамасын ұсынды, онда шаһардың инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған кешенді жұмыстармен қатар мегаполистағы урбанизация деңгейін арттыру үшін қажет шараларды іске асыру межеленген.