Дамудың жаңа кезеңі басталады

Screenshot_5.jpg

"Nur Otan" партиясының Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үндеуінде пікір білдіріп, қолдау көрсетті.

«Бүкіл әлемге жайлаған коронавирус індетімен күрес Қазақстанда да жоғары деңгейде жүргізілуде. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Үндеуінде атап өтті.

Президент біршама жеңілдету мүмкіндігін қарастырып, карантин мерзімін 11 мамырға дейін ұзартты. Дегенмен, етекті кеңге жаюға болмайды.

Індет салғырттықты кешірмейді. Төтенше жағдай талабын қатаң сақтап, тәртіпке бағынуымыз керек. Сонда ғана індеттің салдары ауыр болмайды.

Әрине, төтенше жағдай өз күрделілігімен келді. Осы орайда мемлекет тарапынан халыққа қолдау барынша көрсетілуде.

«Біз індетпен күрестің алдыңғы шебінде жүрген дәрігерлерді қаржылай қолдап жатырмыз. Денсаулық сақтау министрлігі және әкімдер басқа да медицина қызметкерлеріне көмек көрсету үшін шаралар қабылдауда», - деді Мемлекет басшысы.

Президенттің тікелей тапсырмасымен 1,6 миллионнан астам адам, 11,5 мың шағын және орта бизнес өкілі несиелерін кейін төлеуге мүмкіндік алды.

Дегенмен, жеңілдіктерге иек артып отырмастан біз қазірден бастап дағдарыстан кейінгі кезеңге дайындалуымыз керек.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкімет пен Ұлттық банк 11 мамырға дейін Экономикалық дамуды қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды дайындайды. Онда дағдарыстан зардап шеккен салаларға қолдау көрсету шаралары қамтылады.

Осылайша еліміз дамудың жаңа деңгейіне қадам басқалы отыр.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Үндеуде айтып өткендей, шын мәнінде, біз енді мүлде жаңа жағдайда өмір сүретін боламыз.

Осы орайда отандастарымыз да жаңа өзгерістерге дайын болуы керек! Біріксек – бәрін жеңеміз!»


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер