Елдегі төтенше жағдайдың 11 мамарыда аяқталатынына қуанып, Президенттің Үндеуіне үн қосқан шымкенттік басшылар пікірлерімен бөлісті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі мәлімдемесі көптің көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді. Қазіргі қиын кезең ешкімге оңай соғып тұрған жоқ. Сын сағаттағы жағдайға қарамастан халық үшін барлық шаралар қолға алынып, жүзеге асып жатыр.
Президент жасаған мәлімдемесінде мұндай шаралардың әрі қарай жалғасын табатынын атап өтті. Атап айтсақ, осы уақыт аралығында 4 миллион 250 мың адам қаржылай көмек алса, 570 мың адам азық-түлік себетіне қол жеткізді. Ал алдағы уақытта 1,6 миллионнан астам адам коммуналды төлем үшін көмек алады.
Сонымен қатар, індеттің алдыңғы шебінде жүрген дәрігерлерге қаржылай қолдау көрсетілді. Шағын және орта бизнес өкілдеріне несиелерін кейін төлеуге мүмкіндік берілді. Сондай-ақ 700 мыңнан астам компания мен жеке кәсіпкерлер салық жеңілдігін иеленді. Өйткені қазіргі таңда барлық салада жұмыс карантинге байланысты тоқтап тұр.
Десе де, мемлекет мәселенің алдын алуда барынша қолдау шараларын қолға алуда. Мұндай қолдау халықтың сенімін арттыруда.
Олай болса, экономикамыз аяққа тік тұруы үшін қолдау көрсеткеніміз жөн. Біздің басты қолдауымыз – карантин талабын сақтау. Сақтық шараларына түсініктікпен қарау.
Жұмағали Білісбеков
«Шымкент қаласының Азаматтық Альянсы» қауымдастығының төрағасы