Шымкент қалалық жедед жәрдем стансасының бас дәрігері Гүлнар Құрманбекова мемлекет басшысының Үндеуін құптайтынын жеткізіп, ұлт саулығы жайлы пікірін білдірді.
«Корнонавирус індетінің ел көлеміне таралуына тосқауыл қою мақсатында Мемлекет басшысының төтенше жағдай жариялағаны мәлім. Бүгін Президент мәлімдемесінде бұл режимнің 11 мамырға ұзартылғанын білдік.
Ал тұрғындар карантин режимі жеңілдетілгенімен, әзірге күнделікті тіршілікке қайта оралу емес екенін ұғынғаны жөн. Себебі, жаһанды жайлаған пандемия айтарлықтай дағдарыс туғызды. Бұрын-соңды болмаған сынақ үлкен жауапкершілікпен атқару қажеттігін дәлелдеді.
Бүгінде денсаулық саласына айрықша көңіл бөлініп, бұрын-соңды болмаған ауруханалар жедел салынып жатыр. Ұлт саулығына қауіп төнген сын сағатта дәрігерлеріміз жұқпалы дерттің алдын алуда тиісті шараларды кәсіби деңгейде атқаруда.
Қазіргі таңда қауіпті дерт бей-жай қарауға болмайтынын байқатып отыр. Әр адам өзі мен жақын-жуығына жауапты екенін естен шығармағаны жөн.
Үндеуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаған жөн. Олай етпесек, індеттің жаңа ошақтары пайда болуы мүмкін. Коронавирусқа жеңіл-желпі қарауға болмайды. Карантин талаптарынан бір сәтте бас тартсақ, дертті қайтадан өршітіп аламыз» деп атап өтті.
Олай болса, әлемді әлекке салған індеттің беті қайтқанша дәрігерлердің талаптарын орындаңыздар! Сақтық шараларына барынша мән беріңіздер»