Қала кенеден тазаруда

Screenshot_11.jpg

Шымкентте Конго-Қырым безгегі ауруларына қарсы залалсыздандыру шаралары жүргізілуде. Мамандар кенеге қарсы дала жұмыстарына кірісті. Жауапты іске Түркістан облыстық дезинфекциялық орталығы сүбелі үлес қосуда.

Мегаполис аумағында дала  жұмыстары қызып тұр. Арнайы техника далалы аймақтың шөбін Дельтапес дәрісімен шаңдауда. Ал шаһар орталығын мамандар арнайы аралап жүріп залалсыздандыру жұмыстарын жүргізеді. Қазіргі уақытта Еңбекші ауданына қарасты 467 641 шаршы мет толығымен тазаланды.

    «Еңбекші ауданы бойынша бізде Жыланбұзған, Бадам-1, Бадам-2, Тұрдабат, және Жұлдыз елдімекендерінде залалсыздандыру жұмыстарын жүргіздік. Ауданда залалсыздандыру жұмыстары аяқталды»,- дейді Шымкент қаласы Еңбекші  аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы Ақтоты Асанбаева.

Шымкенттегі көктемгі науқанға Түркістан облыстық дезинфекция орталығы білек сыбана кіріскен. Олар мегаполистегі  15 елдімекенді залалсыздандырды. Шаңдау жұмыстарынан кейін зоолог мамандар тағыда тексеру жүргізеді.

 «Конго-Қырым гемарагиялық қызбасасы ауруларына қарсы Шымкент қаласы бойынша 15 елдімекенге жүргізіп жатырмыз. Қазіргі таңда 6 250 000 мың шаршы метр дәріленді. Қолданып жатқан препараттарымыз Дельтапес»,- дейді Түркістан облыстық дезинфекция орталығының биолог маманы Гауһар Кемелбекова. 

Залалсыздандыру жұмыстары сәуір айының 7-сінен басталған. Айдың аяғына дейін қала аумағындағы дала толығымен тазартылады. Айтқандай бұл химикаттардың жануарларға зияны жоқ екен. Дегенмен залалсыздандыру жұмыстарынан кейін бір аптаға дейін тазартылған аумақтарға мал жаюға тиым салынады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер