Egov.kz порталы шымкенттіктер үшін тиімді болуда

Screenshot_1.jpg

Қазақстандағы халыққа қызмет көрсету орталықтары мен автоХҚО-дың жұмысы тоқтатылғаны есте болар. Тұрғындары мемлекеттік қызметтерді тек электронды үкімет порталынан алып жүр. Қазақстанда төтенше жағдай жарияланғалы бері Шымкент тұрғындары egov.kz порталы арқылы 200-ден астам автокөлікті тіркеді.

 «Қызметті онлан алу режимде алу механизмі өте қарапайым. Ол үшін egov.kz порталына кіріп, өтінімді толтырып, жеке электронды цифрлық қолтанбамен (ЭЦК) қол қойса жеткілікті. Төтенше жағдай жарияланғалы бері 200-ден астам автокөлік онлайн тәсілмен тіркелді. Бұл көрсеткіштің айтарлықтай өсетінін болжап отырмыз, өйткені мамандандырылған ХҚО-ға бармай-ақ қарапайым және ыңғайлы шешімдерді таңдайтын азаматтарымыздың саны көбейіп келеді», -дейді «Азаматарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қалалық филиалының өкілі Алтынай Татаева.

Көліктерді қайта тіркеу қызметі egov.kz порталында «Көлік және коммуникациялар» бөлімінде орналасқан. Оны онлайн режимде алу үшін сатушы ЭЦҚ-ны пайдаланып, egov.kz порталына кіріп, сатылатын көлік туралы ақпаратты енгізіп, айыппұлдар мен салықтар бойынша берешекті тексеруге сұраныс жіберуі керек. Егер бар болса, электронды үкімет порталы арқылы төлеп, өтінішке ЭЦҚ-мен қол қояды.

Осыдан кейін сатып алушы электронды үкімет порталындағы жеке кабинетіндегі өтінішпен таныса алады, онда айыппұлдарды тексеріп болғаннан кейін жаңа мемлекеттік нөмір және техникалық құжат үшін тиісті алымдар мен тіркеу жарнасын төлеуі тиіс. Сатып алушы мәмілені өзінің электронды цифрлық қолтаңбасымен растайды. Кейін автоХҚО-ға тек дайын болған нөмір мен техникалық құжатты алып кету үшін барады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер