Әкім құрылыс жұмыстарынан қалыс қалмайды

Screenshot_2.jpg

Шымкентте үшінші мегаполис болғандықтан барлық мәселелер оң шешімін табуы тиіс. Осы орайда жол, су, жарық мәселесі актуалды болғанымен, алдағы үш жылда Шымент қаласында жол мәселесі толық шешімін тауып, биыл қала шетіндегі топырақ жолдарға шағал тас төселеді. Үшінші мегаполис әкімі Мұрат Әйтенов Абай ауданындағы құрылыс жұмыстарымен танысып, жергілікті халықпен жүздесті.

Биыл Абай ауданындағы 49 көшені жөндеуге бюджеттен 1 099,6 млн. қаржы қаралып, жөндеу жұмыстары қарқынды атқарылуда. Соңғы 10 жылда аудандағы 219 аулаға балалардың ойын алаңшасы мен 50 спорт алаңы орнатылған. Тек өткен жылы мемлекеттік және жекеменшік әріптестік аясында 45 аулаға ойын алаңшасы салынып, тұрғындардың игілігіне берілді.

Сонымен қатар, 41 аулаға балалар алаңшасы құрылысына 637,4 млн., 8 спорт алаңын орнатуға 131,5 млн. теңге қаржы бөлініп, жұмыстар атқарылуда. Осы бағытта атқарылған жұмыстармен тыңғылықты танысқан қала басшысы Абай ауданында ауқымды жұмыс бар екенін айтып, құрылысы жүріп жатқан барлық нысандардың сапасына мән беруді әрі тұрақты бақылауды жауаптыларға тапсырды.

 М.Әйтенов Водопьянов көшесінде өткен жылы өртенген үйдің орнына салынып жатқан 85 пәтерлі үйдің құрылысымен танысты. Тапсырыс беруші «Шымкент» ӘКК» АҚ мен мердігер «Отау Строй» компаниясына құрылыс жұмыстарын Қала күніне орай аяқтап, баспана кілтін тұрғындарға уақытынан ертерек табыстауды жүктеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер