Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына басты назар аударылып жатыр. Тұрғындарды толғандырған барлық мәселе қала әкімі Мұрат Әйтеновтың жіті бақылауында. Осы орайда, әкім Абай ауданын аралап, мәселелермен танысып, жақын арада шешімін табатынын айтты.
- Елбасы Н.Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше мән беріп отыр. Биыл қазынадан миллионды қалаға 440 млрд. теңге қаржы бөлінді. Қаралған қаражат мақсатты игерілуі қажет. Бұл инфрақұрылымды жақсартып, барлық саланың әлеуетін көтеруге мүмкіндік береді. Сондықтан біз бар күш-жігерімізді қаланың дамуына жұмсап отырмыз, - деді М.Дүйсенбекұлы.
Аумағы 49 704 гектарды құрайтын Абай ауданында 323 мыңға жуық тұрғын бар. 34 шағынаудан мен тұрғын алаптың 10-ы 2014 жылы бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысынан қалаға өткен. Бүгінде таза ауыз сумен қамту көрсеткіші 78,5%-ды құрайтын ауданда нақты жұмыстар қолға алынып, 5 тұрғын алапты ауыз сумен қамтитын магистралды су жүйесінің құрылысы жүруде.
Айта кеткен жөн, Жаңаталап, Қызылжар, Игілік, Тәуелсіздікке - 20 жыл, Көкбұлақ, Ынтымақ-2, Солтүстік саяжайдағы 7232 үйге ауыз су жүйелері тартылуда. Жоспарлы жұмыстар аяқталса, аудан халқының 86%-ы таза ауыз сумен қамтылатын болады.