Рашид Мыңбаев халықаралық би күнімен құттықтады

Screenshot_4.jpg

«Тынымсыз – ізденіс, түбегейлі – нәтиже» екенін ескерсек, адамның ішкі дүниесін байытып, жанын тазартатын құдіретті өнер - оқушлардың өнерге сүйіспеншілігін, өмірге құштарлығын, еңбекке, іскерлікке ынтасын арттыруда жеке тұлғаның қалыптасуына би өнерінің әсері ерекше. Би өнері адам өмірінің эмоциялық табиғаты мен оны қоршаған табиғи ортаны бейнелеген көркемдік шығармашылық салаларында елеулі орын алады. Бүгін сол би өнері тойланатын күн! Қазіргі таңда төтенше жағдайға байланысты Рашид Мыңбай би өнерінің майталмандарын онлайн құттықтады. 

 «29 – Халықаралық би күні! Бұл өнер түрі әр түрлі ұлт өкілдерінің басын қосып, ынтымақтастық пен бейбітшілікке баулып, этникалық қарым-қатынасты одан әрі нығайта түсуде

Бидің де өзі үні, өз тілі бар. Осы өнерді бойына сіңірген қызметкерлердің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Талғамдарыңыз жоғары, ойларыңыз халыққа терең философиялық ой салатын ұшқыр, мәдениетіміздің образын астарлы сомдап жеткізетін бейнелеріңіз эстетикалық бояумен айшықталып, толағай жетістіктеріңіз арта берсін. Шығармашылық туындыларыңыз, көркем бейнелеріңіз кәсіби деңгейде өсуіне тілектеспін», - дейді Шымкент қаласы мәдениет тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Рашид Мыңбаев. 

Ата-аналары жастайынан биге алып барған балалардың сүйектері басқаларға қарағанда 5 пайызға берік болады екен. Ғалымдар жүрек-қан тамырларында ақау бар науқастарға зерттеу жүргізеді. Бишілерде қандағы оттектің мөлшері 18%-ға, дене шынықтыру мамандарында 16%-ға көбейген.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент әкімдігі «Той Думан» фестиваліне 300 млн теңге бөлгені рас па
  • Руслан Берденовті атқан күдіктінің әйелі алғаш рет мәлімдеме жасады
  • Шымкентте «Қиял әлемі» саябағы бұзылуда
  • Шымкентте еліміздегі ең ауқымды жылыжай салынуда
  • Шымкенттегі ерекше субұрқақ: көрікті орындарды көзбен көріңіз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер