«BIRGEMIZ» қоры тағы 12 мыңға жуық адамға көмек көрсетті

Screenshot_14.jpg

Шымкентте «BIRGEMIZ» қоры тағы 12 мыңға жуық адамға елу мың теңгеден көмек көрсетті. Әлем жұртына төнген қауіпті дертке байланысты елімізде төтенше жағдай режимі жарияланғаны белгілі. Осыған байланысты Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен «Birgemiz» қоғамдық қоры құрылып, Республика бойынша көмекке аса мұқтаж жандарға 50 мың теңгеден үлестіріліп жатқаны баршаға белгілі.

Осы көмекке Шымкент қаласы бойынша 21 864 отбасы қол жеткізді. Өз кезегінде көмек алған тұрғындар қор мамандарына алғыстарын білдіріп, жұмысына сәттілік тілеуде. 

Мамандар алдағы уақытта тағы да 19 766 отбасы елу мың теңгемен қамтылатын болады дейді. Қазіргі таңда тiзiм бойынша қаражат бөлу процессі жүрiп жатыр.

Айта кетсек, күні кеше 11 904 отбасы мүшелерінің жеке есеп шоттарына қордан 50 мың теңге аударылды.

Апта аяғына дейін қаражат барлық азаматтардың есеп шотына түседі.

Ал аталған жәрдемақы келесідей жеті түрлі санатқа кіретін азаматтарға ғана тиесілі: Әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасылар, бірінші топ мүгедектер, мүгедек бала күтімімен отырған жандар, зейнетақысы төмен және аз қамтылған зейнеткерлер, жетім балалар, ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілгендер және тыл еңбеккерлері қамтылады.

Яғни, ел басына күн туғанда ешбір жан қиналып қалмасын деген ниетпен барынша тиісті көмектер беріліп жатыр.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер