Жылыту маусымына дайындық басталды

Screenshot_15.jpg

Шымкентте алдағы 2020-2021 жылдарға арналған жылу беру маусымына дайындық жұмыстары басталып кетті.

«Қуатжылуорталық-3» мекемесінің бригадалары көпқабатты үйлердің ауласындағы орамішілік жылу жүйелерін жаңалауда. Орталық Шымкенттегі 72 мың тұтынушы, 223 заңды тұлға, 137 бюджеттік мекемелерді, облысқа жататын 67 мекеме мен республика меншігіндегі  41 мекемені орталықтандырылған жылу жүйесімен қамтып келеді. Сапалы жылу алу үшін тұрғындар да үйдегі, пәтерлеріндегі ескірген жылу жұйелерін алмастыруы қажет,- дейді жылуберушілер.

 «Өткен жылу беру маусымы күрделіксіз өтті. Арыздар да едәуір төмен болды. Бұл дегеніміз сапалы жылу берудегі жұмыс жүйеленді. Жөндеу жұмыстарына, тозығы жеткен құрылғы, құбырларды жаңалауға республикалық, қалалық бюджеттен қаржы бөлінуде. Өз тарапымыздан тарифтен бөлінетін қаржыға, биыл ол сома 103 — 108 млн. теңге аралығында болмақ. Қаржыға  тозығы жеткен, өткен жылу беру маусымында ақау орын алған  жылу жүйелерін  алмастырып,  орамішілік құбырларды жаңалаймыз»-, дейді  «Қуатжылуорталық-3» МКК директоры Пердебай Сабитов.  Қазір «Қуатыжлуорталық-3» мекемесінің бригадалары Шәмші Қалдаяқов көшесіндегі  көпқабатты үйдің ауласындағы орамшілік құбырды жаңалауда.

 «4/5 үйге баратын құбырларды алмастырып жатырмыз. Жұмысты бастағанымызға бір апта болды. Бір айда бітіруге тырысамыз. Құбырларды арнайы қаптағышпен қаптап береміз» - дейді жұмысшы Бекайдар Сауырбаев.

Ауладағы 4/5 үйдегі тозығы жеткен құбырлар былтыр алмастырылған болатын. Тұрғындардың айтуынша қыс бойы күрделік болмаған.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Норма об унитарности государства, неотчуждаемости территории Казахстана остается неизменной
  • Народный совет Казахстана будет представлять интересы всех граждан страны – Бакыт Нурмуханов
  • Ценности брака и семьи усилят на конституционном уровне в Казахстане
  • Преамбула Конституции Казахстана получит полностью новую редакцию
  • Конституционная реформа: поправки затронут 84% текста Основного закона Казахстана
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер