Сақтық амалының бірі – онлайн төлем

Screenshot_7.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған тұңғыш «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркен-деуінің негізі» Жолдауында айтты. Ол өз Жолдауында «Қолма-қол ақшасыз төлем жүйесін жаппай енгізу керек. Бұл үшін тежеуші фактордың бірі саналатын банктердің жоғары үстеме алымын жою қажет», деген еді. Осы орайда төтенше жағдайға байланысты Шымкентте 1 мамырдан бастап төтенше жағдай штабының экономикалық-әлеуметтік маңыздылығы бар деп таныған бірнеше қызмет көрсету орталықтары мен кәсіпорындардың жұмысы қайта басталады. Осылай кезең-кезеңімен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай отырып, кәсіпкерлер өз жұмысына кірісе алады.

Бұл - қауіптің толық сейілгенін білдірмейді. Барлық сауда нысандарында санитайзерлер мен маскалық режим, дезинфекциялық жұмыстар күшейтіледі. Алдын хабарланғандай, қаладағы барлық шағын және орта бизнес өкілдеріне карточкалық төлем мен онлайн төлем қабылдау әдісі енгізілді.

Осы ретте қала тұрғындарын да базарлар мен дүкендерде, таксилер мен жеткізіп беру қызметтерінде барынша онлайн төлем жасауға шақырамыз. Бұл қауіпсіздікті арттырып, тұрғындар үшін ыңғайлы тәсіл болмақ.

Егер қызмет көрсетуші нысан ондай мүмкіндік ұсына алмаса, Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-иннновациялық даму басқармасына әлеуметтік желі арқылы шағымыңызды жолдасаңыз болады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер