Төтенше жағдай кезеңінде халықтың жекелеген санаттарынан коммуналды қызметтер шығындарын өтеп беру үшін өтініштерді қабылдауға communal-komek.kz интернет платформасы іске қосылған болатын.
Қазіргі таңда портал арқылы Шымкентте 22 390 өтінімнің 14 773-інің жеке шоттарының сәйкестігі деректер арқылы тексеріліп, 7 255 азаматтың өтініші мақұлданған. Тиісінше 7 518 азаматтың жеке (абоненттік) есеп-шоттары сәйкес келмегендіктен, өтініштері қанағаттандырылмаған.
15 000 теңге көлеміндегі коммуналды төлемге қатысты қала тұрғындарына кеңес беру үшін 29 сәуірден бастап 8(7252) 39-23-68 нөмірі бойынша 10 байланыс каналынан тұратын сall-орталық жұмысын бастады.
Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалының бастамасымен #Birgemiz акциясы аясында «Ізгілікте жарысайық» қайырымдылық қорының әлеуметтік үйінің жанынан құрылған қалалық сall-орталық сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін үзіліссіз қызмет атқаруда.
Байланыс нөмірлері:
Абай ауданы: 8-778-171-00-28, 8778-471-10-45
Еңбекші ауданы: 8-778-171-00-37, 8-778-171-00-47, 8-778-471-10-29
Әл-Фараби ауданы: 8-778-171-00-56, 8-778-171-00-51, 8-778-471-10-57
Қаратау ауданы: 8-778-171-00-76, 8-778-171-00-26, 8-778-471-10-49.
Орталық тарапынан қазірге дейін 5 256 азаматтың сұрақтарына жауап берілді.
Айта кетейік, карантинге жабылған өңірлерде тұратын азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтер үшін 15 мың теңгеден берілуде. Төлемді 1, 2, 3 топ мүгедектері; мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар; көпбалалы отбасылар; Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген тұлғалар; мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау барысында, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындық барысында немесе ұшу кезінде, адам өмірін құтқару және құқық тәртібін сақтау кезінде қаза тапқан тұлғалардың отбасылары; төмен және одан аз зейнетақы алатын зейнеткерлер; атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғызбасты зейнеткерлер.