8000-нан астам құжат берілді

Screenshot_5.png

Шымкенттіктер электронды үкіметке үйренісе бастады. Қала тұрғындары үйден шықпай-ақ құжат рәсімдеп, шаруларын бітіруде. Карантин басталғалы бері үшінші мегаполис тұрғындары ХҚО-ның бірыңғай терезесінен 8 мыңнан астам дайын құжаттн алды. Бұл құжаттардың басым бөлігі карантин барысында онлайн рәсімделген.

26 наурыздан бастап барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы тоқтатылып, төтенше жағдай кезеңінде ХҚО және мамандандырылған ХҚО электронды үкімет порталы - egov.kz арқылы рәсімделген дайын құжаттарды беруге ғана жұмыс істеуде.

Бірыңғай терезеде берілген құжаттардың дені – АХАТ құжаттары, жүргізуші куәліктері, көліктің техникалық паспорты мен тіркеу нөмірлері, жылжымайтын мүлік пен жер учаскелерінің құжаттары, сондай-ақ жеке куәлік пен паспорт.

Дайын құжаттарды беру терезелерінің жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма - 9.00-ден 17.00-ге дейін, сенбі - сағат 9.00-14.00 аралығы. Мекенжайы: Шымкент қаласы, Мәделі қожа көшесі, 1Г мекенжайында орналасқан №1 ХҚО.

Ал автокөлік иелері дайын құжаттарын Достық шағынауданындағы мамандандырылған ХҚО-дан ала алады.

Еске сала кетейік, қазақстандықтар мемлекеттік қызметті электронды форматта алуда. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтің 87% электронды үкімет порталы арқылы қолжетімді, сондай-ақ, кейбір қызметтер мен сервистерді ЕgovМоbile мобильдік қосымшасы, eGovKzBot2.0 телеграмм-ботынан және Facebook, Vk әлеуметтік желілеріндегі egov чат-боттарынан алуға болады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Антикор Шымкентті жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорынға талдау жүргізіп жатыр
  • Жеңіс күніне орай шымкенттік ардагерлерге қаржылай көмек көрсетіледі
  • Шымкентте салмағы 7 келі алып сәби дүниеге келді
  • Шымкенттегі су желілерінің 50 пайызы тозған
  • Шымкентте жаңа Фосфоршылар мәдениет сарайының құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер