Биыл 9 мектеп пайдалануға беріледі

Screenshot_11.png

Биыл Шымкентте 9 мектепті пайдалануға беру көзделіп отыр. Оның үшеуі 1200 орындық жаңа мектеп болса, бесеуі 300 орындық қосымша құрылыс. Тағы 100 орындық саз мектебі салынып жатыр. Қала әкімі Мұрат Әйтенов аталған білім ошақтарының құрылысымен танысты.

Шахар басшысы алдымен Арғынбеков көшесінің бойынан салып жатқан 1200 орындық мектептегі құрылыс барысын көрді. Бүгінде  «Атамекен корпорациясы» құрылысын жүргізіп жатқан ғимараттың  қабырғасы көтеріліп, шатыры жабылған. 3 гектар жерге орналасқан мектептің құрылысына 1 млрд 900 млн теңге қарастырылған. Мердігер компания нысанды қыркүйек айында тапсыруды жоспарлап отыр.Қала әкімі  одан соң Асар-2 шағын ауданында бой көтеріп жатқан 1200 орындық мектепке барды. Іргетасы қаңтар айында қалана бастаған білім ошағы жоспар бойынша желтоқсанда бітуі тиіс. Құрылысты жүргізіп жатқан «МК технострой сервис» компаниясының өкілдері пандемияға байланысты елдегі төтенше жағдай кезінде  ғимараттың сыртқы қасбетіне қойылатын керамогранитті Ресейден алдыру қиын болып жатқанын алға тартты. Қиын тұста көмектесуге әзір екенін айтқан Мұрат Дүйсенбекұлы мұндай  құрылыс заттарын отандық өнімдерден алуға ұсыныс берді.Содан кейін қала басшысы Самал-3 шағын ауданындағы №6 емхана маңынан бой көтеріп жатқан мектеп құрылысының барысымен танысты.  Құрылысына бюджеттен 2 миллиардқа жуық қаржы бөлінген білім ошағы санаулы күнде дайын болады екен.  Жаңа ғимаратты аралап көрген Мұрат Дүйсенбекұлы мектепті жақын күндері қабылдап, қыркүйекте оқушыларды қабылдауға дайындауды тапсырды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер