Театр көрерменнен қол үзген жоқ

Screenshot_12.png

Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры Төтенше жағдайға байланысты онлайн режимінде жұмыс атқаруда. Сахна сүйер актерлер әлеуметтік желімен әлеуеттің қошеметінен тыс қалып жатқан жоқ. Көрерменмен кері байланыс орнатып отыр.

Қырықтан аса актері бар қара шаңырақ  жоспарланған премьераларға үйде дайындық жүргізуде. Алдын ала бөлінген рольдерді әркім өз отбасында отырып жаттауда. Театр ұжымы осылай алдағы мерекеге үлкен дайындық үсінде.

«Бізде бес жаңа премъера жоспарланған.Алдағы уақытта көрерменге ұсынатын боламыз.Үй жағдайында болса да 7 мамыр,9-мамыр күндеріне Облыстық  Мәдениет басқармасының ұйымдастырып жатқан іс-шараға біздің ұжым белсенді түрде қатысады.Төтенше жағдай аяқталғасын толқыққанды жұмысқа кірісетін боламыз. Көрерменнен қайта байланысқа түсеміз»,- дейді Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының директоры Қайрат Қарғабаев.

Алдағы уақытта театр ұжымы Әбу-насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Шәмші Қалдаяқовтың мерей тойына арналған қойылымдарды жоспарлап отыр.Одан бөлек сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында және жасөспірімдердің тәлім тәрбиесіне байланысты спектакльдер назарда тұр. Қара шаңырақ ұжымы карантин уақытында инстаграм арқылы аптасына үш рет тікелей байланысқа шығады.

- «Бүгінгі эфир танымал режиссер Қуандық Қасымовпен өтеді.Карантинде құр жатпай өнер сүйер, театр сүйер қауымды онлайн түрде тұлғалармен сұхбат болсын деген ниетпен жасалып отыр. Алдағы уақытта Нұрсұлтан қаласының орыс драма театрының директорымен сұхбат болады»,- дейді Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі Тимур Ахметов. 

Ж.Шанин атындағы театр ұжымы ТЖ басталғалы өнер иелерімен  20 онлайын жүздесу эфирін өткізген.Оған қоса Тетардың ЮТУБ каналына 7 қойылымды қаралымға салған. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент әкімдігі «Той Думан» фестиваліне 300 млн теңге бөлгені рас па
  • Руслан Берденовті атқан күдіктінің әйелі алғаш рет мәлімдеме жасады
  • Шымкентте «Қиял әлемі» саябағы бұзылуда
  • Шымкентте еліміздегі ең ауқымды жылыжай салынуда
  • Шымкенттегі ерекше субұрқақ: көрікті орындарды көзбен көріңіз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер