107 отбасы баспаналы болды

Screenshot_10.png

Шымкентте 107 отбасы баспаналы болды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтенов Instagram әлеуметтік парақшасында жариялады.

– Бүгін Шымкентте ерекше іс-шара өтті. Тұрғын үй кезегінде тұрған 107 азамат пәтер кілтін алды. Олардың барлығы көпбалалы және әлеуметтік жағынан әлсіз топқа жатқызылғандар.

Карантин кезінде адамдардың жаппай жиналуына тыйым салынғандықтан, баршасына пәтер кілті мен құттықтау хаттарды пошта арқылы жеткізуді жөн деп таптық.

Жыл басынан бері жоғарыда көрсетілген топтағы азаматтарға 692 пәтер пайдалануға берілді. Оның 458-не жаңа иелері қоныстанған. Біздің кезегіміз қашан келеді деген қаншама тұрғын бар.

Бүгiнде тұрғын үй алу кезегіне 39 604 азамат тіркелген. Оның ішінде:

- жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар -1643;

- көпбалалы отбасылар - 5236;

- халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы - 12847;

- мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер -19852 азамат;

- тұрғын үйі апатты деп танылғандар - 26.

Ең алдымен, алғашқы үш топты тұрғын үймен қамтамасыз етеміз. Мемлекеттік және бюджеттік санат бойынша кезекте тұрушылар да өз кезегін асыға күтуде. Сондықтан осы санаттағы азаматтарға да үй бөлу жайын қарастырудамыз, - деп жазба қалдырды қала басшысы.

Ендеше, баспаналы болған шымкенттіктерді  біз де шын жүректен құттықтаймыз!


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Кітап оқитын ұлт» жобасы таныстырылды
  • В Шымкенте презентовали проект «Читающая нация»
  • Шымкентте ерікті жастарға арналған эко-экскурсия өтті
  • Развитие города Шымкента будет осуществляться в рамках концепции Smart City
  • Шымкент қаласының дамуы Smart city тұжырымдамасы шеңберінде жүзеге асырыладыШымкент қаласының дамуы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер