Мегаполис тіршілігі қалпына келе бастады

Screenshot_11.png

Апта басынан бері карантин шектеулерін кезең-кезеңімен жеңілдету жұмыстары басталды. Бірқатар қаржы ұйымдары мен сауда және қызмет көрсету саласындағы нысандар өз жұмысын бастады.Бірақта тосқауылдар алынғаны мен талаптар қатаң. Шымкент қалалықТауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлері мониторинг жұмыстарын күшейтуде

Карантин  кезінде жеңілдіктерге ілініп  ісін қайта бастаған кәсіпкердің бірі Назира Дүйсенова. Мамырдың 4-нен бастап әсемдік саланон қайта іске қосты. Бір ай бойы шашын қиып, тырнағын боятпаған тұтынушыларыда көптеп қабарласуда. Дегенмен сұлулық салонында төтенше жағдай кезінде тәртіп қатаң. Орталыққа бес адамнан артық кіруге болмайды. Диз кілемше, санитайзер мен бетперде қоры бұл жерден үзілмейді.

«Төртінен бастап жұмысқа шықтық. Жұмысшылар елу пайыз шығып отыр. Жалпы жақсы болды бізгеде. Маска Перчатка бәрін киеміз. Клиенттерденде соны талап етеміз. Қалада жүріп тұруға рұқсат берілді. Қаратау ауданының базасына тіркелдік»,- дейді «Salon ND» әсемдік салонының  иесі Назира Дүйсенова.

Бір ғана Қаратау ауданында 38 сұлулық салоны бар. Олардың 30 пайызға жуығы өз жұмысын бастады. Аудандық  Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы мониторинг жұмыстарына кірісіп кеткен. Бас санитардың қаулысына сәйкес шаралар жүргізіліп кәсіпкерлік нысандар жіті назарда.

«Қаулыға сәйкес сұлулық салондары, медициналық орталықтар, кабинасы бар моншалар, машина жөндеу орталықтары іске қосылып жатыр. Бұл бизнес нысандарда санитарлық талаптар сақталуда. Мына сұлулық салонында кезек күту сызықшасы бар. 5 адамнан артық қабылдамайды. Ортақ талаптар сол», -дейді Шымкент қаласыҚаратау  аудандық  Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының орынбасары Айнұр Пернеева.

Мамыр айынан бастап шағын кәсіпкерлік нысандар қайта іске қосылып мегаполистегі тіршілік қайта қалпына келуде. Бірақтабұл жеңілдіктер қаладағы карантин қауіпі сейілді деген сөз емес. Қауіпті дерт әлі сейілмей тұр.Сондықтан  бизнес нысандарда санитарлық талаптар қатаң сақталуы қажет.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер