Қайта өңдеуге бет бұруымыз керек

Screenshot_3.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 11 мамыр жасаған мәлімдемесінде экономикада негізінен құрылымдық өзгерістер қажет екені айтылды. Осы тұста М. Әуезов атындағы ОҚМУ «Басқару және бизнес» жоғары мектебінің деканы, э.ғ.к. Марат Сейдахметов Президенттің пікірін толығырақ түсіндіріп, мәселелерді алға тартты.

Азаматтардың табысын арттыру, бизнесті қолдау және оны дамытуда жүйелі шаралар қолға алынбақ. Соның бірі – азық-түлік қауіпсіздігін сақтау. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қоймаларда дұрыс сақтау, оның инфрақұрылымын жасау өте өзекті. Елімізде 2 миллионға жуық тұрғында қосалқы шаруашылық бары айтылды. Міне, ауыл шаруашылығы өнімдері далада қалмас үшін оны қайта өңдеуге бет бұруымыз керек. Бұл орайда агросекторды цифрлық технологиямен толық қамтамасыз ету мәселесін шешіп алу тиімді.

Бұл тұрғыда Президент Қ.Тоқаев: «Бизнес пен мемлекет арасындағы қарым-қатынас толығымен цифрлық форматқа, яғни қарым-қатынассыз жүйеге көшеді. Осы мақсатта мемлекеттік қызмет алудың процестерінің бәрін цифрландыру жұмысы аяқталады. Экономика мен қоғамды цифрландыру процестерінің бәріне жаңа серпін берудің маңызы зор», - деп атап өтті.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы экономиканың өсімін қайта қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар әзірлеуді тапсырды. Бұл реформалар ауыл шаруашылығы саласының ілгерілеуіне септігіне тиетініне сенім мол.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер