Баршагүл Исабек: «Төтенше жағдай аяқталды деп босаңсуға болмайды»

Screenshot_4.jpg

Шымкенттік қызметте жүрген азаматтар мен азаматшалар Президент үндеуінен соң пікір білдіріп ой бөлісті. Солардың бірі – ОҚМПУ-дің оқу және оқу-әдістемелік жөнінде проректоры Баршагүл Исабек.  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында індеттің шарықтау шегінен өткенімізді атап өтті.

Әйтсе де, отырыста Президент әлемді әбігерге салған індеттің қаупі сейілмей алаңдатып отырғанын мәлімдеді.

Төтенше жағдайдың еліміздің ғана емес, әлем экономикасына салқыны тигені белгілі. Бүгін Мемлекет басшысы мәлімдемесінде экономикамызды жақсартудың тетіктері қарастырылатынын атап өтті.

– Осындай жағдайға қарамастан, еліміз бірқатар басымдыққа ие болып отырғанын айтқым келеді. Бізде қаржы резерві жеткілікті және мемлекет қарызының көлемі мүмкіндігімізге орайлас. Ең бастысы, біз жаңа ахуал жағдайында жұмыспен қамтамасыз ету және экономикалық тиімділікті арттыру үшін ресурстарды қайда жұмсау керектігін білеміз. Енді дағдарыс кезіндегі және одан кейінгі дамудың басымдықтарына тоқталып өтейін. Ең бастысы, барша азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау. Азаматтардың табысын арттыру. Бизнесті қолдау және оны дамыту. Білім және ғылым жүйесін жетілдіру, – деді Президент.

Алдағы күндері еліміз үшін маңызды саналатын агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, «Еңбек», «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы, тұрғын үймен қамту, жұмыссыздықпен күрестің жақсаратынан сенімдіміз.

Екінші жағынан, карантин талаптарына сәйкес, бірқатар шектеулер өзгеріссіз қалды.

Расында, кейбір аймақтарда дерттің таралуы бәсеңдемей отыр. Індет толығымен жойылып кеткен жоқ. Пандемия халықтың денсаулығына әлі де қауіпті. "Сондықтан карантиндік шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынады",- деді Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.

Қазіргі таңда ең маңызды шара азаматтарымыздың денсаулығын сақтау. Сондықтан елімізде төтенше жағдай аяқталды деп босаңсуға болмайды


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер