Шымкенттік құтқарушы Ресей назарында

Screenshot_4.jpg

Мақтааралдағы апат қай қазақтың болмасын қабырғасын қайыстырып, көңілге қаяу салғаны баршаға мәлім. Бірлігі жарасқан үшінші мегаполис те осы тұста құр алақан қалмай барынша жәрдем етуде. Шымкент қаласы Төтенше жағдай департаментінің жедел-құтқару жасағының құтқарушылары су басқан Мақтаарал ауданында аянбай еңбек етуде.

Төтенше жағдай департаментінің өкілдері мен азаматтары күн-түн демей көмектесіп, қолдан келгенін аямауда. Олар Жеңіс, Фирдоуси, Өргебас ауылдарында іздестіру-құтқару, тұрғындардың мүліктер мен мал-жандарын шығару жұмыстарына жұмылдырылған.

Азаматтардың арасында белсенді құтқарушы жігіт ерекше көзге түсті. Өргебас ауылындағы суға кеткен төрт түлік малдарды іздестіру барысында жеті қазынаның бірі итті ажалдан арашалап қалған шымкенттік Берік Төлеметовтың жұмысы жайында «Discovery Channel» телеарнасының ресейлік журналистері арнайы бейнесюжет дайындаған. Онда Беріктің еңбегі еленіп, ол туралы мәліметтер айтылған. 

5 жылдан бері құтқарушы қызметінде тер төгіп жүрген Берік қазір Фирдауси ауылын ірі қара және ұсақ малдардың өлекселерінен тазарту жұмыстарымен айналысуда. Ол күнделікті атқаратын құтқару жұмыстарын өз кәсібі мен міндеті деп санайды. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте еліміздегі ең ауқымды жылыжай салынуда
  • Шымкенттегі ерекше субұрқақ: көрікті орындарды көзбен көріңіз
  • Шымкенттегі университетте аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырғандар ұсталды
  • Шымкентте қараусыз қалған 92 жастағы тыл ардагері ауыр халде жабық пәтерден табылды
  • Руслан Берденовтің ауруханадағы фотосы жарияланды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер