Мобильді жұмыспен қамту орталықтары қалыпты жұмыс режиміне көшті

Screenshot_7.png

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен  11 мамырда елдегі төтенше жағдай аяқталған болатын. Карантин  де жеңілдеді. Осыған орай Шымкент қаласында бірқатар кәсіпкерлік нысандар мен мемлекеттік қызмет орындары ашылып, жұмысына кірісе бастады.  

Үшінші мегаполисте  мобильді жұмыспен қамту орталықтары жұмысын бастады. Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты орталықтар бүгінге дейін онлайн режимінде қызмет көрсетіп келді.

– Мобильді жұмыспен қамту орталықтарының негізгі мақсаты – жұмыспен қамту, қысқа мерзімді оқыту, жұмысын жоғалтқан және өз мамандығы бойынша жаңа жұмыс орнын таба алмаған халыққа кәсіптік бағдар беру және психологиялық қолдау бойынша қызметтер көрсету. Орталық менеджерлері өтініш білдірушілерді базаға тіркейді, сосын кәсіпорын базасында өткізілетін «Еңбек» бағдарламасы бойынша оқуға жазады. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер бизнес негіздерін оқытатын «Бастау Бизнес» жобасына қатыса алады», - дейді Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Олжас Жансейітов.

Ағымдағы жылдың 14 наурызы мен 11 мамыры аралығында орталықтарға 13 119 адам кеңес алуға өтініш білдірген. Олардың 332-і жұмысқа орналасуға жіберіліп, 215-і ресми жұмысқа орналастырылған. 

Төтенше жағдайдың аяқталуына байланысты 14 мамырдан бастап мобильді жұмыспен қамту орталықтары қалыпты жұмыс режиміне көшті. Жұмыс кестесі - 10-00-ден 18-00-ге дейін.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер