Қазығұртта ішкі көшелер жөнделуде

Screenshot_9.png

Қазығұрт  ауданында  жыл өткен сайын халықтың әл-ауқаты жақсарып, түйткілді мәселелер шешімін табуда. Соның ішінде, жол мәселесі де тұрақты назарда болып, әр жылы ауыл арасындағы ішкі  көшелер асфальттанып жатыр.  «Жол қадірін жүрген білер» демекші, бұдан біраз жыл бұрын аудан халқы «жаңбырлы күні көшеде жүру мүмкін емес» деп базыналарын айтатын. Ал қазір ондай әңгімелердің ауылы алыстады. Өйткені, әр жылы ауылдарда 10-15 көшеге асфальт салынып, тұрғындар өз алғыстарын айтуда.

«Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 2020 жылы  Республикалық бюджеттен 859 млн,33 мың теңгеге Қызылқия және Сарапхана елді мекендеріндегі  22 көшеге  орта жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады дейді мамандар.

«Аудан орталығына  қатынайтын жергілікті жұртшылық, әсіресе, жер езіліп, саз болғанда әуре-сарсаңға түсетін.  Қызылқия ауылындағы   көше тұрғандары қазір жолдарды жөндеп жатыр. Бұл біз үшін өте жақсы жаңалық. Бұрындары жаңбырлы күні көшеде жүру мүмкін емес болатын. Енді таза жолдармен жүретін боламыз деп өз ризашылықтарын білдіруде»,- дейді аудандық  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бақберген Құралбаев.

Құрылыс учаскесінің жалпы ұзындығы 1,8 шақырымнан асады. Көшедегі көлік жолдарына асфальт  жамылғысын төсеумен қатар, жолға жиектастар салынады. Осыған дейін жергілікті тұрғындар шұрық-шұрық жолдардың азабын тартып келген. Бүгінде сол олқылықтардың орны толуда. «Таған ЖШСтік» мекемесінің қызметкерлері жолды жақсартуға өз үлестерін қосуда.  Жол жөндеуге арналған техникалар саны жеткілікті, негізгі мамандар болмаса, ауыл тұрғындары жұмыспен қамтылған. Соның арқасында жұмыс өнімділігі де артуда дейді.

«Аудандық бюджет есебінен 2020-2021 жылдарға  аудан аумағындағы 13 ішкі көшеге және аудандық маңызы бар 2 жолға 693млн 84 мың.теңге қаржы бөлініп орта жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады»,- дейді Таған ЖШС-ның бас инженері Нұрлан Дәулетбахов.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер