Кәсіпкерлік жандана бастады

Screenshot_10.png

Төтенше жағдай мерзімі тоқтағаннан кейін  шымкенттік кәсіпкерлер жұмысына қайта кірісе бастады.  Десекте карантин тәртібі әлі тоқтаған жоқ. Қала санитарлары қайта қосылған жұмыс орындарына мониторинг жүргізуде.

Шымкенттегі Қаратау ауданында шағын және орта кәсіп қарқынды дамыған. Әсіресе тұтынушыларға күнделікті қызмет көрсететін шағын орталықтардың саны басым. Ауданда 23 көлік жуу орталығы бар. Ол жерлерде 200 ден астам адам жұмыспен қамтылған. Бизнеске шектеу жоқ. Тек ғана санитарлық талаптар сақталса болғаны.

«Кәсіпкерлік нысандар  16-шы қаулыға сәйкес жұмыс істеп жатыр. Таңғы 9 дан кешкі 6 ға дейін жұмыс жасайды. Бірақ қатаң талаптарды сақтай отырып ісін жалғастыра алады»,- дейді Шымкент қаласы Қаратау  аудандық  Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының орынбасары Айнұр Пернеева.

Мамыр айының 4-нен бері  қаладағы моншаларда жұмысын бастады. Солардың бірі Қаратау ауданындағы «Фатима» монша кешені. Әзірге жеке кабиналар ғана іске қосылған. Соның өзі қайта жұмысқа кіріскен монша ұжымына серпін беріп отыр. 

 «Келушілер саны бұрынғыға қарағанда аз. Көп адамдық бөлімдер жабық. Барлық сақтық шараларын жүргізіп жатырмыз»,- дейді«Фатима» монша кешенінің іс басқарушысы Ермұхамед Оңғарбаев.

Төтенше жағдайдан кейін қайта жұмысын бастаған кәсіпкерлерге тәртіп ортақ. Ең бастысы қарапайым санитарлық талаптар сақталуы керек. Қатаң тәртіп мегаполистегі ақуалдың жақсаруына оң ықпал етеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Кітап оқитын ұлт» жобасы таныстырылды
  • В Шымкенте презентовали проект «Читающая нация»
  • Шымкентте ерікті жастарға арналған эко-экскурсия өтті
  • Развитие города Шымкента будет осуществляться в рамках концепции Smart City
  • Шымкент қаласының дамуы Smart city тұжырымдамасы шеңберінде жүзеге асырыладыШымкент қаласының дамуы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер