Театрдың жұмысымен танысты

Screenshot_12.png

ТМД елдерінің мәдени астанасы үшінші мегаполистің мәдениеті мен өнерін танытып жүрген нысанның бірі опера және балет театры. Қазақ театр өнерінің дамуына үлес қосу мақсатында аталған мәдениет ошағы 2007 жылы құрылған болатын. Салтанатты ашылу рәсіміне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан еді.

Театр ғимараты 1984 жылы салынған, 2007 жылы театрға бейімделіп қайта қалпына келтірілді. Мекеме ішінде 300 көрерменге арналған үлкен зал мен 86 орындық кіші зал бар.

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов аталған өнер ордасының жұмысымен танысып, театр ұжымының қызметкерлерімен кездесті. Онда опера мен балет өнеріне халықты көптеп тартудың жолдары қарастырылып, саланы дамытудағы ойларымен бөлісті. Бұдан бөлек, әкім Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан білікті балет маманын тарту мәселесін де көтерді.

Өнер ордасымен таныстыру барысында мекеме директоры Әбдіхан Нұрмағанбетов театрдың кемшін жағдайын да айтып өтті. Мәселен мұнда реквизит, яғни, қойылымда қолданылған қажеттіліктерді сақтайтын арнайы қойма қажет екен.

Осы ретте, қала басшысы опера және балет театры Түркістан облысының меншігінен Шымкент қаласының балансына ауыстыру бойынша рәсімдеу жұмыстары аяқталған соң, театрды дамыту бағытында тиісті жұмыстар атқарылатынын атап өтті.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер