Коронавирустан сауыққандар саны 170-тен асты

Screenshot_13.png

Елде төтенше жағдай аяқталғанымен үшінші мегаполисте қауіпті індеттің алдын-алу және таралып кетпеу мақсатында жұмыстар әлі күшейтілуде. Тұрғындар көшеде бетпердемен жүруі міндетті және кәсіпкерлік өзге де нысандарға кірер кезде әрі адамның дене қызыуы өлшенуі тиіс. Осындай сақтық шараларының қатаң сақталуы мен дәрігерлердің аянбай еңбек етуінің нәтижесінде аса жұқпалы вирустан жазылып шыққандар көбеюде.

Мәселен Шымкентте соңғы екі тәуліктің ішінде коронавирус инфекциясынан 21 науқас емделіп шықты. Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы мамандарының дерегінше дертінен сауыққандар 5 және 52 жас аралығындағы азаматтар.  Барлығы Шымкент қаласының тұрғындары.

Науқастар екі аптадан аса дәрігерлердің бақылауында болып, ауруханадан үйлеріне шығарылды. Ақ халаттылар науқастар үйіне шығарылғаннан кейін де өзгелерге қауіп төндірмеу үшін карантин режимін сақтауы тиіс.

Айта кетейік, бүгінге дейін қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасынан коронавирус инфекциясына шалдыққан 171 науқас дертінен айығып шықты. Бұл еліміздің пандемияға дер кезінде тосқауыл бола білуі мен отандық медицинаның әлеуетінің жоғары екендігін көрсетсе керек.


 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қолжетімді баға, сапалы өнім: Шымкенттегі сенбілік жәрмеңкелер өтуде
  • Рухы мықты жандардың энергиясы: Шымкентте IV «Жігерлі жүрек» форумы өтті
  • Тоқаев ел жастарына: «Сіздерге отанымыздың тағдырына қатысыңыз бар екенін білдіретін орайлы мүмкінді
  • Қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам
  • ОРК референдум алдында үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынатынын еске салды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер