Санитарлық талаптарды тексеру үшін мониторинг топтар құрылды

Screenshot_5.jpg

Әлемді шарпыған індетпен күрес қарқынды жүріп жатыр. Осы орайда, коронавирустың алдын-алу шаралары мен дәрі-дәрмек, маска, дезифекция сынды тағы да басқа сақтық шараларына қажетті дүниелерге Шымкент қалалық бюджеттен 1 300 000, ал республикалық бюджеттен 600 миллион теңге бөлінген. Бұл турады ақпараттық-коммуникациялық орталығында коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары бойынша брифингте Брифингке Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр айтты.

Сонымен қатар, жұмысына қайта бастаған нысандардағы санитарлық талаптардың қаншалықты сақталғандығын тексеру үшін үшін Шымкент қаласындағы 4 ауданда арнайы мониторинг топтары құрылды.

«Өткен аптада берілген жеңілдіктерге байланысты тәртіпке сәйкес аулаларда жүруге рұқсат берілген. Одан кейін халыққа қызмет көрсететін шаштараз, техникалық қызмет көрсететін орындарға және сауда орындары, азық-түлік басқа да базарлар жұмысын бастаған еді. Қазіргі кезде қалада арнайы мониторинг топ құрылды. Бекітілген мекемелер мен ұйымдарда санитарлық нормалар қалай сақталып жатыр? Олар осы мәселені бақылауда ұстайды. Егер де өрескел қателіктер орын алатын болса, оларға айыппұл салынып, қатаң шаралар қолданылатын болады. Ол қызмет көрсету орындарын жабуға дейін барамыз», - дейді қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер