Ортаның тазалығы – қоғамның қауіпсіздігі!

Screenshot_4.jpg

Үшінші мегаполисте қауіпсіздік шаралары қатаң сақталып, әсіресе 18 мамырдан бастап жұмыстарын бастаған нысандарының сақтық жұмыстарын жүргізуі бақылауға алынды. Бұл мекемелер мен ұйымдарға келетін тұрғындарды қатерлі дерттен сақтаулың бірден-бір жолы. 

Қауіпсіздік ережелері мынадай:

- Өткір респираторлық жұқпалы аурулар белгілері бар (жоғары температура, жөтел, тұмау) қызметкерлерді жұмысқа шығармау қажет

- Бөлмелерді жүйелі түрде желдете отырып, дезинфекция жүргізілуі тиіс

- Қолды өңдеу үшін санитайзерлер орнатылуы тиіс

- Қызметкерлер мен келушілер маскалық режимді сақтауы тиіс

- Мекеме ішінде және аумағында адамдардың бір мезетте жиналуын болдырмау

- Қолды жиі жуу және антисептикалық препараттармен өңдей отырып гигиена шараларын сақтау

- Мекеме ішінде бір мезгілде 5-тен астам келуші болмауы тиіс (жұмысшылар арасындағы қашықтық кемінде 2 метр болуы тиіс)

- Төлемді қолма-қол ақшадан тыс онлайн тәсілмен де қабылдайтын мүмкіндік болуы тиіс

- Адамдардың жиналуын болдырмау үшін алдын ала жазылу бойынша қызмет көрсетілуі тиіс

Егер қауіпсіздік талаптары сақталмаған жағдайда айыппұл салынатынын ескертеміз.

Құрметті қала тұрғындары, егер қауіпсіздік талаптарының бұзылуына куә болсаңыз,

Шымкент қаласы кәсіпкерлік және индустриалды-иннновациялық даму басқармасының әлеуметтік желідегі парақшасына жолдауларыңызды сұраймыз.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Проект новой Конституции формирует основу эволюции государства и общества – Бакыт Нурмуханов
  • «Существенно усилены конституционные принципы правосудия»
  • Суверенитет и территориальная целостность отнесены к неизменным ценностям
  • Конституционная реформа Главы государства – новый этап развития государственного устройства
  • Мемлекет басшысының конституциялық реформасы – мемлекет құрылысын дамытудың жаңа кезеңі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер