Күн сайын әлемде өршіп жатқан індет барша халық пен билік өкілдерін әбігерге салды. Дегенмен кеселдің емі табылмағанымен, жазылып шығып жатқандар да бар. Бүгінде Шымкент қаласында 183 пациент коронавирустан сауығып, үйлеріне шығарылды. Стационарларда барлығы – 216 адам коронавирустық инфекциямен ауруханада жатыр, оның ішінде 150 науқаста симптомсыз жағдай. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін, науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.
Сонымен қатар, қауіп тобындағы контингентке жоспарлы тестілеу жүргізіледі, оларға медициналық қызметкерлер және COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары қызметкерлер, созылмалы аурулары бар диспансерлік есепте тұрған тұлғалар жатады. 16552 адамнан тұратын тестілеуге арналған контингент анықталды.
Коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі іс-шараларға қатысатын орталық және жергілікті мемлекеттік органдар қызметкерлерінің ішінен 2 028 адам (49,1%) тестіленді, ЖРВИ және пневмониямен емдеуге жатқызылған адамдардан 3046 адам (55,2%), медициналық қызметкерлер мен COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары қызметкерлер 1 547 адам (22,4%) тестіленді. Тестілеуге жататын контингентті қамту - 40%.
Қаладағы эпидемиологиялық жағдай тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің, қала әкімдігінің және Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасының бақылауында. Эпидемияға қарсы үздіксіз іс-шаралар жүргізілуде.