Қазіргі таңда үшінші мегаполис тұрғындарының көкейінде әлі де күдік пен қорқыныш бар. Себебі соңғы екі күнде көптеп тіркелген індет кімінің де болмасын селт еткізбей қоймады. Осы тұста әкімшілікте мамандар түсіндіру жұмыстарын қолға алып, қаладағы барша тұрғындардың денсаулығына алаңдаулы.
Еңбекші ауданы аумағында орналасқан «Айна», «Евразия», «Көктем» базарлары мен «Фиркан», «Грамад», «Магнум» және тағы басқа ірі сауда орындарында карантин режимін сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аты жаман аурудан келер қауіптің алдын алу мақсатында арнайы мамандар әр контейнерлерге кіріп, сатушыларға індеттің қаупі жайлы айтып, «әлі де коронавирус дертіне шалдыққандар саны азаймай отыр. Сол себепті сіздер сақтық шараларын міндетті түрде сақтауларыңыз керек» деп, толық түсіндірме жұмыстарын жасады. Бұл жұмыстар сауда орындарына халық көптеп шоғырланатындықтан жүргізілді.
Олар мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің қаулысына сай көпшілік іс-шаралардың өткізілмеуін қадағалау, қоғамдық көліктер мен аялдамалардың, халық көп шоғырланатын жерлердің дезинфекциялануы, қол жуатын сусабын және тағы да басқа жеке гигиеналық заттардың болуы, қоғамдық жерлерде ақпараттық анықтамалық материалдардың орналасуы секілді мәселелерді зерделеді. Анықталған кемшіліктерді қысқа мерзім ішінде реттеп, сақтық шараларын жүргізу тапсырылды.