Спорт кешендері сақтық шараларын қатаң жүргізуде

Screenshot_1.jpg

Елімізде төтенше жағлдай алынғаннан соң бірқатар нысандар ашылып, тұрғындардың бойы жазылып қалған еді. Енді соңғы екі күнде тіркелген 134 коронавирустық жағдайға байланысты ашуға рұқсат берілген ұйымдар мен мекемелер қатаң бақылауға алынуда.

Жоғары спорт шеберлігі топтарына, спорттық жетілдіру топтарына және оқу-жаттығу топтарына «Қажымұқан» Орталық стадионында, «Металлург» стадионында, ескек есу су базасында, жеңіл атлетикалық манежде, «Орталық-су» кешенінде және Көркем гимнастика, «Тұмар», «Сұңқар, Садақ ату спорт кешендерінде оқу жаттығулары өткізілуде. Одан бөлек, Динамо спорт залында, кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебінің залында, Ұлттық теннис орталығында, қысқы спорт түрінен Спорт сарайында, «Биік» футбол орталығында, «Марс» спорт кешеніндері мен спорт мекемелерінің залдарында, саябақтарда және спорт алаңдарында оқу-жаттығулары жүргізілуде.

Жоғарыда атап өткен спорт түрлерінен шұғылдануға рұқсат берілген топтарда жалпы 6042 спортшы шұғылдануда. Спортшылар мен жаттықтырушылардың арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу шараларын жүргізу бойынша жаттығу өтілетін жерде және мекеме ғимаратында әр 2 сағат сайын күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимі орындалуда. Сондай-ақ аталған спорт мекемелердің ғимаратында және жаттығу залдарында арнайы санитайзерлер орнатылған. Ал жаттығу алдында мекеменің медициналық қызметкерлері әр спортшының дене қызуын міндетті түрде тексеруде.

Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 10 мамырдағы «Шымкент қаласының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» № 17 Қаулысына 3 тармағы 18 тармақшасына сәйкес күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, аталған қаулының 7-қосымшасына сәйкес жұмыстары жүргізілуде.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер