Шымкент қаласы тұрғындарының назарына!

Screenshot_8.jpg

Үшінші мегаполис тұрғындарының назарына! Әлемде коронавирустан келер қауіп сейіле қоймады. Төтенше жағдайдың алынғаны тұрғындарды қуантқаны жасырын емес. Адамдар бір сәт өздерін еркін сезініп, ашылған парктерді күн-түн демей аралап, қоғамдық орындарда көптеп бой көрсете бастаған еді. Жұмысқа арнайы рұқсат қағазымен шығып, тіпті дүкенге барғанда жан-жағындағы адамдарға күмәнмен қарайтын адамдар енді-енді өздеріне келе бастағанда қаламызда бар жоғы екі күннің ішінде 137 адамнан коронавирус індеті анықталды. Бұл кімде-кімді болмасын есеңгіретіп, көңілге қаяу түсіргені жасырын емес.

Шымкент қаласының бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаевтың қаулысына сәйкес, қала тұрғындары үнемі бетперде тағуға міндетті. Максималды түрде сақтық шараларын қатаң назарда ұстайық! Әр дұрыс емес істің артында жаза болатынын есте ұстаңыз! Не індетке шалдығып өмір бойы денсаулық жазасын тартасыз, не карантин тәртібін бұзғаныңыз үшін жауапкершілікке тартыласыз. Ал екеуі де көңілге қонымсыз болса, үйде отырыңыз! Өзіңізді де, жақындарыңызды да пандемиядан сақтаңыз! 

Төтенше жағдай бітті деп шымкенттіктердің көпшілігі масканы шешіп тастап, халық көп жиналатын орындарға баруын тоқтатар емес. Алайда, естеріңізге сала кетейік, елімізде карантин шаралары әрі қарай жалғаса береді. Енді тіптен екі есе сақтық шараларын ұстанған жөн. Осы орайда, Шымкент қаласында адамдардың денсаулығы қатаң бақылауға алынып, шектеу шаралары сақталады. Өйткені, коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупі сейілмей тұр. Бұл ретте қала тұрғындарының адамдар көп жиналатын жерге бармағандары дұрыс. Барлық дүкендер мен кәсіпорындар, қоғамдық көліктер барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтауы тиіс. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер