Шымкент қаласында жүрген жас мамандарды «Жастар практикасы» жұмысқа шақырады. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының 3-ші бағыты аясында жастарды жұмыспен қамтамасыз ету үшін бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында 25 АЕК көлемінде айлық жалақыны қамтитын жастар практикасы ұйымдастырылып жатқанын назарларыңызға жеткіземіз.
Аталған жастар практикасы білім беру ұйымдары түлектерінің меңгерген мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуы мақсатында түлектер үшін ұйымдастырылады. Жастар практикасы меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының, оқуды аяқтаған кейінгі 3 жыл ішіндегі және жиырма тоғыз жастан аспаған түлектері қатарындағы жұмыссыздарға арналған.
Жастар практикасына қатысу үшін қойылатын талаптар:
-29 жастан аспаған түлектер;
-Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары оқу орындарын аяқтаған түлектер;
-Оқуды аяқтағаннан соң 3 жыл ішінде алған кәсібі (мамандығы) бойынша жүзеге асыратын еңбек қызметінің түрі;
Жастар практикасының ұзақтығы - 6 ай.
Мәлімет үшін телефондар:
Абай ауданы: 87028188009, 87752470855, 87058997588, 87760101901, 87053516076
Қаратау ауданы: 87022502769, 87071069790, 87752141188, 87785805054, 87756442313
Еңбекші ауданы: 87015705445, 87473491800, 87079709090, 87752389028
Әл-Фараби ауданы: 87071472087, 87058519000, 87081791987, 87762180227, 87026967696