Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы. Осы орайда, қаланың көркіне зиянын тигізіп, шырайын қашырған дүңгіршектерге ескерту ретінде хабарландыру жасалды. Бүгінде қалада санитарлық талаптар мен қатар қауіпсіздік шаралар заңсыз жүмыс істеп жатқан нысандар қатаң бақылауға алынып, қарқынды жұмыстар белең алуда. Әл-Фараби ауданы аумағында заңсыз орналасқан дүңгіршектер орнынан алынуы тиіс. Бұл туралы Әл-Фараби ауданы әкімдігі хабарлайды.
– Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43 бабы 10-тармағына сәйкес жер учаскесінің нақты (белгілі бір жердегі) шекарасы белгіленгенге дейінгі жер учаскесін пайдалануға жол берілмейді.
Төменде көрсетілген заңсыз орнатылған, сондай-ақ, нысаналы мақсатында сай келмейтін нысандардың иелері дүңгіршектерді өздері алуларын сұраймыз. Аталған талаптар орындалмаған жағдайда өкілетті органдар нысандары мәжбүрлеп алу бойынша шара қолданып, ал нысан иелері белгіленген заңнамаға сәйкес жауапқа тартылатыны туралы хабардар етеміз. Сол себепті ескерту кезін пайдаланып, дүңніршек иелерінің іске кірісуі сұралады.
Осыған орай, қосымшада ұсынылған дүнгіршектердің иелерін заң нормаларына сәйкестігін тексеріп, алып тастауды сұраймыз, – дейді жауапты мамандар.
Заңсыз қойылған дүңгіршектердің мекенжайы:Тұрар Рысқұлов көшесі, М. Дулати, Ж. Тәшенов, Жангельдина, Әл-Фараби алаңы, Ш. Қалдаяқов, А. Байтұрсынов, М. Мәметова, Республика даңғылы, Тәуке хан, Б.Момышұлы, Қазыбек би, Тұрысов, Түркістан, Адырбеков көшелері. Аталған дүңгіршектер заңды бұзумен қатар, мәдени астананың келбетіне зиянын тигізіп отыр.